Зияратқа шыққан ақтаулық үш тұрғын иен далада адасып, үш түн, төрт күннен кейін аман-есен табылды. Ақтаулық үш азамат алдымен Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етіп, кейін Қыдырша ата қорымына жол тартқан. Алайда 3 шілде күні олардың көлігі Бейнеуден шамамен 35 шақырым жерде саз балшыққа батып, әрі қарай қозғала алмай қалған.