Ақтау гарнизонында 11 курсант Әскери-теңіз күштерінің болашақ офицері ретінде тәжірибеден өтуде. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери-теңіз кафедрасы курсанттары әртүрлі кемелер дивизионының базасында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып жатыр.