Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылында ғасыр жасаған кейуана тұрады. Биыл 100 жасқа толған Қантөре Қилыбаева әлі де тың, денсаулығы жақсы. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ана бүгінде үлкен әулеттің ақылшысы. Ғасырлық ғұмыр иесі кейінгі буынға өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, отбасының берекесін кіргізіп отырған қадірлі әже.