Ақжігіт ауылының тұрғыны Әлімбай Азанов жердің берекесін көріп отырған еңбекқор жан. Ол ауласында бау-бақша өсіріп, түрлі жеміс ағаштарын баптайды. Ал негізгі жұмысынан қолы қалт еткенде құлпытас жасап, қосымша кәсіппен айналысады.