Ақтаудан 46 шақырым жердегі теңіз жағасында тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. 18 жастағы Азамат Дүйсеханов суға батып, із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға 7 шілде күні болған. Жас жігіттің денесі әлі табылған жоқ. Қазіргі уақытта құтқарушылар теңіз акваториясын қайықпен сүзіп, су астын арнайы құралдармен тексеріп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.