Маңғыстау облысының медицина саласының ардагері Сүлеймен Бердәулетов мемлекеттік жоғары марапатқа ие болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен ұзақ жылғы адал еңбегі үшін оған «Парасат» ордені табысталды. Мемлекеттік награданы бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тапсырды.