15 шілдеде өңірде «Таза Маңғыстау - 2026» жобасы аясында 90 күндік экологиялық челлендж басталады. Жобаның басты ерекшелігі - қатысушылардың әлеуметтік желідегі белсенділігі емес, нақты атқарған экологиялық іс-әрекеттері бағаланады. Әрбір расталған экологиялық бастама үшін ұпай беріліп, қатысушылардың жеке ЭкоРейтингі қалыптастырылады. Челлендж бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылады.