Соңғы бірнеше күннен бері Маңғыстау облысында аптап ыстық сақталып тұр. Өңірде ауа температурасы күндіз +36...+38 градусқа дейін көтеріліп, тұрғындарға қолайсыздық туғызуда. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 15 шілде күні жаңбыр жаууы мүмкін. Синоптиктердің мәліметінше, 15-17 шілде аралығында өңірде аптап ыстық басылмайды. Ауа температурасы көпшілік аумақта +35 градус шамасында сақталса, кей жерлерде +45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.