Туризм - Маңғыстау экономикасының болашағы саналатын стратегиялық салалардың бірі. Мұнайлы өңір бүгінде бірегей табиғатымен әлем саяхатшыларының қызығушылығын арттырып келеді. Соңғы жылдары туристер санының көбеюі де осының айқын дәлелі. Алайда табиғи әлеуетті тиімді пайдалану үшін инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын қатар дамыту маңызды.