Ақтаудағы 16-шы шағын ауданында ұсталған ер адам синтетикалық есірткіні сақтау және өткізді деген күдікке ілінді. «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында синтетикалық есірткі заттарын сақтау және өткізумен айналысты деген күдікпен ер адамды ұстады.