Қазақ үшін той - қуаныштың, садақа - сауаптың белгісі. Алайда соңғы жылдары осы рәсімдердің мазмұнынан гөрі сән-салтанатына көбірек мән беріліп кеткені сөзссіз.. Қымбат тойханалар, жұлдызды әншілер, ерекше безендіру. Ал мұның соңы кейде орынсыз бәсекеге, көзбояушылыққа, дарақылыққа және ысырапқа ұласып жатады. Қоғамда қазір белең алып тұрған бәсекелестікке қатысты көпшіліктің пікірін біліп көрдік.