Ақтауда халықаралық контейнерлік хаб толыққанды жұмысын бастады. Президент тапсырмасымен жүзеге асқан жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндігін кеңейтуге арналған. Жаңа нысан арқылы Қытай, Еуропа және Каспий маңы елдері арасындағы жүк тасымалының көлемі едәуір ұлғаяды.