Ақтауда қызметтік иттердің сайысы өтіп жатыр. 6656 әскери бөлімінің базасындағы жарысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырды. Байқауға Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзендегі әскери бөлімдерден үш әскери қызметші қатысып, жалпы саны 18 кинолог өзара бақ сынауда.