Биыл Маңғыстауда көкөніс жақсы. Бақша дақылдары жылдағыға қарағанда бітік шықты. Өнім де мол. Бұл күндері диқандар қауын-қарбыз бен қызанақ жинауға кіріскен. Егін басында таңның атысынан түн ортасына дейін қызу еңбек. Телеарна журналистері Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылындағы егін алқабына барып қайтқан болатын.