Жаңаөзенде өнер мен әдебиет өкілдері бас қосты. Қалалық орталық кітапханада мәдениет саласының үздігі, сазгер Қаракөз Кемеровамен кездесу ұйымдастырылды. Сазгер оқырмандарға өзінің шығармашылығы туралы айтып, биыл жарық көрген «Сезім сыры» атты жыр жинағы мен құнды басылымдарын тарту етті.