Соңғы бес жылда Өзбекстаннан Маңғыстау өңіріне 3 мың 145 турист келген. Екі ел арасындағы туристік байланысты одан әрі дамыту мақсатында Ақтауда «Өзбекстан - Жібек жолының інжу-маржаны» атты халықаралық туристік форум өтті. Басқосуда көршілес елдің туристік әлеуеті таныстырылып, туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.