Өміріңді өзгерткің келсе, Қостанайға кел. Ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша келушілерге қолайлы өңірдің бірі осы Қостанай өлкесі. Қостанай әсіресе маңғыстаулықтарға тиімді болып отыр. Поезбен және автокөлікпен тікелей жол бар, әрі мұндағы ауылдардың жартысы газдандырылған. Алты ай қыс от жағып әуре болмайсың.