Ел жадында ерлігімен қалған Төремұрат батырдың өмірі мен қаһармандық жолын арқау ететін «Қан мен Серт» атты тарихи көркем фильм түсіріледі. Жобаның шығармашылық тобы құрамында белгілі режиссер Ақан Сатаев, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ актерлер Дінмұхамед Ахимов пен Болат Әбділманов Бейнеу ауданына арнайы келді. Өнер өкілдерін аудан әкімдігі мен жергілікті шығармашылық қауым өкілдері қарсы алды.