«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімдігі "Камаз Инжиниринг" АҚ - мен 115 арнайы техниканы жеткізу туралы келісім жасап, соңғы 20 жылда алғаш рет өңірдің барлық қаласы мен ауданына жаңа коммуналдық техника табысталды.