Маңғыстаудан соңғы 5 жылда Солтүстік Қазақстан облысына 900-ден астам адам қоныс аударды. Олардың дені облыс орталығына жақын ауылдарға орналасқан. Ал, ең шеткі Ақжар ауданында бір отбасы ғана бар. Петропавлдан 400 шақырып шалғайда жатқан Ақжарға бұған дейін Хайруллаевтар отбасынан басқа маңғыстаулықтың табаны тимегенге ұқсайды.