Жаңаөзен қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызмет саласына қатысты кездесу өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері қызметкерлермен жүздесіп, саладағы жаңашылдықтарды таныстырды.