Ақтаудағы қоғамдық көліктерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы ақпараттық парақшалар ілінді. Бастаманы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қолға алды. Парақшаларда сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке тигізетін кері салдары, сондай-ақ заңнамадағы жаңа талаптар туралы мәліметтер қамтылған.