Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысқан жиында сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселесі қозғалды. Туристік байланысты ілгерілету жайы да сөз болды.