Мұнайлы ауданында жастар мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен TEDx форматындағы ашық кездесу өтті. Еркін пікір алмасу алаңында қатысушылар «Заң мен тәртіп» қағидаты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы мәселелерді талқылады.