Жазғы демалыс - балалар асыға күтетін ерекше кезең. Осы уақытта бүлдіршіндердің уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне жағдай жасау маңызды. Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылындағы №15 мектеп жанындағы «Балдәурен» лагері де жазғы маусымда балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас сәттер сыйлап келеді. Ол жерде демалушылар үшін түрлі танымдық, спорттық және шығармашылық шаралар ұйымдастырылған.