Жаңаөзенде жол-көлік оқиғаларының саны көбейіп отыр. Ресми мәліметке сәйкес, биыл жол апаттары өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. Осыған байланысты қала прокуратурасы жол қауіпсіздігін насихаттау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ерекше форматтағы профилактикалық акция ұйымдастырды.