Жаңаөзенде Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Ұйқыдағы арудың оянуы» шығармасы желісімен түсірілген толықметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Маңғыстаудың тарихы, табиғаты мен рухани мұрасын арқау еткен туынды Әбіш Кекілбайұлының көркем ой-толғамын экран тілімен өрнектеп, өңірдің мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған.