Мұнайлылық кәсіпкер мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, шұжық өндірісін дөңгелетіп отыр. Әлия Өтемалиева ет өнімдерін дайындайды. Мемлекеттің қолдауының арқасында кәсібіне қажетті қондырғыларын алып, айына 1,5 тонна табиғи ет өнімін өндіріп отыр.