Теледебат Алматы қаласындағы «Qazaqstan» телеарнасының жаңа медиакешеніндегі аумағы 1050 шаршы метрді құрайтын ауқымды студияда өтеді. Медиаорталықтың Sky студиясында сарапшылар талқылауы ұйымдастырылады.
📺Тікелей эфир сағат 19:25-те жеті партия өкілінің жеке автобустармен медиакешенге келу сәтінен басталады. Осы уақытта эфир алдындағы талқылау барысында сайлауалды бағдарламалардың негізгі басымдықтары сараланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтеді.
Теледебат барысында көрермендердің сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін қабылдау үшін арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. Келіп түскен сауалдар дебат қатысушыларына қойылады.
📌Бүгін сағат 19:25-те «Qazaqstan» телеарнасынан немесе әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымыздан көріңіз.