Ерекше жан болса да кәсіп ашып, еңбегімен өзгеге үлгі болып жүрген жандар бар. Солардың бірі - Түпқараған ауданы, Баутин ауылының тұрғыны Нұрғали Сақтағанов. Кәсіпкер жиһаз жасаумен айналысады. Ол, осыдан 12 жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама аясында 2 миллион 300 мың теңге көлемінде қолдау алып, өндірісін дамытуға мүмкіндік алған.