«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтауда жаңа коммуналдық техникалар жұмысқа кірісті. Қала көшелеріне шыққан заманауи жол техникалары асфальт жолдарды жуып, шаң мен құмнан тазартады. Сонымен қатар жол жабынын салқындатып, қаланың санитарлық тазалығын жақсартуға үлес қосады.