СУМЕН ҚАМТУ ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Сумен қамту жобаларының жүзеге асырылуы жалғасуда. Аймақтағы су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында қолданыстағы су жинау арналарының өткізу қабілетін арттыру және МАЭК аумағында жаңа тұщыту кешенін салу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты. Өңір басшысы жобалардың уақытылы аяқталуы мен құрылыс сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.