60 жастан асқандар жаттығып жүр
Бейнеуде 60 жастан асқандар жаттығып жүр. Жасы үлкен тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы жүзеге асуда. Зейнеткерлер арнайы жаттығуларға қатысып, қимыл - қозғалысын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бет бұрған. Қатысушылардың жасы ұлғайса да, олардың өмірге деген құлшынысы мен белсенділігі жоғалған емес.