ӨНЕРЕ МЕН ҚАРЫНЖАРЫҚ: МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Маңғыстаудың табиғи ерекшелігін танытатын көрікті мекендердің бірі - Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына қарасты Өнере туристік бағыты. Бұл бағыт Ақтау қаласынан 270 шақырым қашықтықта орналасқан. Сол аумақта көпшілікке танымал Қарынжарық ойысы мен Өнере бұлағы бар. Жергілікті журналистер арнайы сапарға шығып, өңірдің ерекше орындарын көріп келді.