ТЕАТР ЖАҢА МАУСЫМЫН "КҮЙ" ДРАМАСЫМЕН АШТЫ
Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театры 24-ші жаңа маусымының шымылдығын түрді. Өнер ұжымы көрерменге көрнекті қаламгер, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» драмасын ұсынды. Тарих пен тағдыр тоғысқан туындыда адам болмысы терең бейнеленеді. Көпшілікке ой салған қойылым театр әртістерінің жаңа шығармашылық ізденістерге бет бұрғанын көрсетеді.