Жылыту маусымына дайындық күшейтілді
Жылыту маусымы жақындаған сайын өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар да күшейтіледі. Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөлімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері және газ саласының мамандары әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйлерін аралап, қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Басты мақсат - жылыту маусымында өрт пен газдан уланудың алдын алу.