«Жас сақшы» кабинеті ашылды
Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жас сақшы» кабинеті ашылды. Жаңа кабинет құқық қорғау саласының ардагері Алмас Темірәлиевтің есімімен аталды. Салтанатты шараға қала әкімінің м. а, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.