Айдарбек Оңайбаев қазақтың фольклорлық өнерімен 25 жылдан бері таныс. Ол ұлттық аспап пайдасыз деген пікірмен келіспейді. Себебі, шаңқобыз - ғасырлар сырын сақтаған аспап. 5000 жылдық тарихы бар бұйымды бір күнде жоққа шығаруға болмайды,- дейді ол.
Айдарбек Оңайбаев - "Ақжарма" ансамблінің көркемдік жетекшісі
Желдің ызыңдаған дыбысын береді. Орындаушыға байланысты түрлі дыбыс шығаруға болады. Ансамбльде табиғатты суреттеутін шығармаларда, даланы суреттеуде пайдаланылады. Шаңқобыздың дауыс - тарихымызды еске түсіреді.
Шаңқобыз аспабы тек қазақ халқына тән емес. Хакас, еврей, түрікмен, қалмақ, орыс халқында да мың атпен белгілі.
Айсара Айтман - тілші
Шаңқобыз аспабының бітімі бөлек болғанмен, құрылымы қарапайым. Тұрқы 5 сантиметр. Мынадай майысқақ тілшесі бар. Тілшесі көбіне күмістен немесе темірден, кейде мыстан да жасалады. Үйрену үшін 1-2 күн уақыт керек. Қазір орындап көрейік. Ерінге қойып, тіспен тіреп, тілшесін шалу арқылы дыбыс шығарамыз. Бірақ менің қолымнан келмейтін сияқты. Көріп тұрсыздар бұған машықтану керек.
Музыка әлемінде мың атаумен қалған шаңқобызды мойындамау - білімдінің ісі емес. Дегенмен, олардың таяз пікірі бес мың жылдық тарихты жоққа шығара алмасы анық.