Бүгін Ақтауда «Жылдың үздік студенті» анықталды. Облыстық байқауда қатысушылар 10 аталым бойынша бақ сынады. Конкурсқа 30-ға жуық студент өтінім берген. Айта кетейік, бұған дейін «Жылдың үздік студенті» арнайы жобасы аясында мәдени және спорттық шаралар өткен болатын.