Бұзақылар тарихи нысанға залал келтірді. Олар Форт-Шевченкодағы "Түпқараған" жоғарғы маягының шамын шағып тастаған. Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар жоғарғы шамның темір күмбезі ұрланып кеткен. Қараусыз қалған Түпқараған маягының қазіргі жағдайы өңір саяхатшыларын алаңдатып отыр.