Бүгін Маңғыстаудан Атырау облысына тағы 10 техника  жіберілді. Өңірдегі мұнай компаниялары мен жеке кәсіпкерлер Атырау облысына төніп тұрған су тасқынының алдын алуға атсалысып жатыр. Яғни жөнелтілген техникалар мен олардың жұмысшылары бөгет қазу жұмыстарын атқарады.