Бакуға жолдама жеңіп алыңыз. «Маңғыстау» телеарнасы «Әке мен бала» байқауын жариялады. Сайысқа кез келген маңғыстаулық қатыса алады. Ол үшін әке мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты көрсететін видео түсіріп, инстаграм желісіне жариялау керек. Түсірген видеоға «Маңғыстау» телеарнасының парақшасын белгілеп «#әкеменбаламаңғыстаутв» хештегін көрсетесіз.  Жеңімпаз- Әзірбайжан астанасы Баку қаласында бір апта саяхаттайды.