Жаз мезгілінде теңіз жағалауындағы ашық спорт алаңдары ерекше жандана түседі. Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі турникке тартылып, түрлі жаттығулар жасайды. Мамандардың айтуынша, таза ауада спортпен шұғылдану ағзаны сергітіп, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады.