Шомылу маусымы басталғалы теңіздегі қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Адам өмірін арашалап қалу үшін тәулік бойы қызмет ететін құтқарушылардың еңбегі зор. Солардың бірі, жедел - құтқару жасағының бас құтқарушысы, сүңгуір Бекзат Кабисалимов. Жақында ол суға батып, клиникалық өлім жағдайына түскен жасөспірімнің өмірін аман алып қалды.