Ұлттық Домбыра күні қарсаңында Ақтауда дүниеге келген сәбилерге қазақтың қасиетті домбырасы тарту етілді. Ерекше шара облыстық перинаталдық орталығында өтті. Бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына қазақтың төл мәдениеті мен рухани мұрасын бесіктен сіңіруді мақсат етеді.