Өрелі сөзден өрнек құрап, өнерді серік еткен 130-дан астам түлек Ақтаудағы өнер мектебін аяқтады. Олар 5 жыл бойы үйренгендерін көптің алдында көрсетті. Бірі домбыраның құлағында ойнаса, енді бірі мың бұрала биледі. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ талайды мойындатқан түлектер енді ел мәдениетін көтеріп, руханиятын асқақтату үшін тер төкпек.