Өңірде соңғы қоңырау күні түлектер жаппай төбелесіп, қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Бейнеу ауданында болды. Салтанатты шарадан шыққан түлектер көшенің қақ ортасында бір-біріне тас атып, төбелес ұйымдастырған. Қазір жанжалға қатысқан 47 оқушы тергеліп жатыр. Сондай-ақ, облыс бойынша мектеп бітірушілер отырған 104 автокөлік айып тұрағына жабылды. Ал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған. Сол күні полиция департаментінің 500-ге жуық қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеді.