Түлектерден сый. Тұщықұдық ауылы, Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы орта мектепті бітіргеніне 30 жыл толған түлектер ауылға сый тартты. Олар ауылдың кіреберісіне «Тұщықұдық» жазуымен арка және ауыл саябағына   стелла орнатты. Түлектерінің айтуынша, соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға көмектесу, ауылының көркейуіне үлес қосу дәстүрге айналған.