Ақтау қалалық сотының төрағасы қамалды. Ол 18 млн теңге көлемінде пара алған. Соттың төрағасы Қылмыстық-процестік кодекстің 550- бабына сәйкес, Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды. Ол сенімді адамы - Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару бойынша  ақша алған.