Өңірде 10-нан астам борышкер алимент төлеуден жалтарып, 73 миллион теңге кірісін жасырған. Аталған деректі прокурорлар тексеріс барысында анықтады. Борышкерлердің бірі өз міндеттерін орындаған кейіппен, 85 мың теңгенің жұмысына орналасқан. Ал оның баласының алдындағы қарызы 2,5 млн теңге. Осылайша ол алимент төлемей, букмекерлік кеңсеге 45 млн теңге салған. Қазір аталған дерек бойынша прокурорлар тергеу жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, жыл басынан бері 21 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары өткізілген. 13 іс бойынша сот үкімі шығарылды.